Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда таксист шетелдік жолаушыны әуежайдан қалаға 33 мың теңгеге алып келген

Ұлыбритания азаматы алматы Әуежайынан калаға жету үшін 33 мың теңге төлеген. Бұл туралы хостел иесі Шакир Исламбакиев Facebook парақшасында айтты. Айтуынша, бұл бірінші жағда емес.

Алматыда таксист шетелдік жолаушыны әуежайдан қалаға 33 мың теңгеге алып келген

"Менің қонағымды әуежайдан қалаға дейін 33 мың теңгеге алып келді", - дейді ер адам.

Исламбековтің айтуынша, таксистердің жұмыс жүйесі стандартты. Алдымен жүргізушілер жолақысының 2 мың теңге екенін айтады. Кейін бұл соманың бір шақырым үшін екенін айтады. Осыдан кейін шетелдіктердің көбісі қорқып, ақыны толығымен төлейді.

"Егер таксист ақшаны көтеріп бастапқыда айтса түсінемін. Бірақ жол бойында сөзін өзгертіп, жолаушылар еріксіз ақша төлейтінін түсіне алмадым", - дейді ол.

Айтуынша, алданған шетелдік қонақ еліне қайтып кеткен. Полицияға арыз жазудан бас тартқан. Бірақ жаман әсер қалды.

Шакир Исламбакиев қонақтарға бағдарлама арқылы шақыратын таксилер жайлы айтып жүреді. Осылайша таксилерге алданатын жолаушылардың оқиғасы сәл де болса азаятынын айтады. Әлі де жүздеген жолаушы таксистердің арбауына түсуде. 

Талқылау