AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда таксист қызды тонап кетті

3 тамыз күні Алматыда 25 жастағы таксист қызға қарақшылық шабуыл жасалды. Полицейлер бұдан бұрын қарақшылық пен ұрлық үшін сотталған күдіктілерді жедел ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Яндекс.таксидің жүргізушісі болып жұмыс істейтін 25 жастағы қызға шабуыл жасалған. Түнгі екі шамасында ол шақыртуды қабылдап, "Саяхат" ауданына жеткізу керек болған клиенттерді алып кетеді.

"Оның айтуынша, көлікке екі мас жігіт отырған. Көрсетілген жерге жеткеннен кейін олардың біреуі қыздың мойнына бұғалық салған. Таксист қыз есінен танып, жолаушылар отыратын артқы орындықтың астында оянады. Қыздың банк картасы мен телефонын алып, оны "Теректі" шағын ауданында көліктен тастап жіберген. Кейін жүргізуші қыз полиция шақырды", – деді ПД өкілі. Келген полицейлерге ол күдіктілердің белгілерін айтып берді.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 1987 және 1998 жылы туған ер адамдар ұсталды. Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр