Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тағы жер сілкінісі сезілді

Алматыда тағы да екі балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөз

ТЖМ сейсмикалық станциялар желісі 12 сәуірде Алматы уақытымен 13 сағат 13 мин жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады.

“Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында (Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 273 км жерде) орналасқан. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша): сезілетін Алматы қаласы, 2 бал”, – делінген хабарламада. 

Еске салайық, 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болды. Астана уақытымен 00 сағат 09 мин 02 секундта алматылықтар қатты жер сілкінісін сезді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше жер асты дүмпуінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысында, 264 шақырым жерде тіркелді. Магнитудасы – 6,7 балл. Бұдан соң тұрғындар қалада тағы да бірнеше жер сілкінісі сезілгенін хабарлады. 

Кейіннен ақпанның 4-і күні сағат 11:22 кезінде Алматы қаласында тағы да 5 балдық жер сілкінісі болды.

Талқылау