Алматыда тағы мыңнан аса камера орнатылмақ: Камералар енді жедел жәрдем мен өрт сөндіру көлігінде де болады
Алматыда автобус, өрт сөндіру, жедел жәрдем және полицияның қызметтік көліктеріне жаңа камералар орнатылуы мүмкін. Заманауи құрылғылар жол ережесін бұзған жүргізушілерді бірден анықтайтын мүмкіндікке ие. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: www.iguides.ru
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше камералар санын көбейтуге жол апаттарының саны артуына байланысты. Камералар жаңадан ашылған арнайы зауытта жасалмақ.
Жаңа кәсіпорында 2025 жылы мың мобильді және мың стационарлы құрылғы жасауды жоспарлаған. Болашақта қоғамдық бақылауды күшейтуге бағытталған ұшқышсыз ұшу аппараты, полицияға арналған камерасы бар көзілдіріктер, тәртіп сақшыларына төсбелгі сияқты заманауи жабдықтар шығарылмақ.
"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?
Психолог сталкерлердің бастапқыда байқалмайтын белгілерін атады
"Еркектен сезіне алмаған қамқорлықты сезіндім": Қазақстандық әйелдер бостондық некеде қалай өмір сүріп жатыр
Алайда кейіпкеріміздің сөзінше, бостондық неке жақсы жағынан гөрі жаман тұсымен ерекше есінде қалған