Алматыда сұйытылған мұнай газ бағасын 30 пайызға қымбаттатқан серіктестік анықталды
Алматыда мұнай газ өнімдерін 30 пайызға қысқарқан жеке серіктестік 600 миллион теңге айыппұл төледі деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Нұржан Ұранхаев айтты. Ол мегополистегі жанармай бекеттеріне Ай-92 және дизель отынын өткізуден негізсіз бас тартқан серіктестік айыппұл арқалағанына тоқталды.
"2021 жылдың қыркүйегі мен қарашасы аралығында сұйытылған мұнай газының көтерме бағасы уәкілетті орган бекіткен шекті бағадан 30 пайыздан астам өсіп, тоннасына 183 мың теңгені құраған. Бұл өсім "Петросун" ЖШС-нің биржалық сауда-саттық кезінде тауар бағасының объективті дәлелді себептерсіз үздіксіз көтерілуінің нәтижесі болды", - деді қысқаша Нұржан Ұранхаев.
Сонымен қатар ол қалада өткен жылы негізсіз қымбатшылық бойынша 21 үстемдік еткендер мен 6 монополист анықталғанын да айтты. Әрі 37 хабарлама, 17 нұсқама және 21 тексеру жүргізілген.