Алматыда сұранысқа ие дәрілерді көптеп сатып алуға шектеу қойылады
Алматыда жиі пайдаланатын дәрі-дәрмектерді көптеп сатуға шектеу қойылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматыда сұранысқа ие дәрігер нұсқаулығы жоқ препараттарды бір адамға үш қаптамаға дейін сатуға шектеу қойылады. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте Алматы қаласы әкімдігінің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі Заңғар Сәлімбаев мәлім етті.
Оның айтуынша, лимит халық арасында сұранысқа ие препараттарға енгізілмек.
"Бұл шамамен алты-жеті дәрі: парацетамол, "сумамед" (антибиотик азитромицин-ред.) және басқалар. Мысалы, парацетамолдың екі бумасы қажет, ал адам келіп, 20 бума сатып алады. Осындай жағдай болдырмас үшін біз бір қолға екі-үш бумадан артық емес дәрі сатуды көздейміз. Бұл бүгінгі таңда жоғары сұранысқа ие дәрілерге қатысты болады", - деді Сәлімбаев.
Ол сондай-ақ, осы препараттардың барлығы дәріханаларға жеткілікті мөлшерде түсетінін, ал көп мөлшерде сатуға шектеу қою қала тұрғындары қажетті дәрі-дәрмектерді қиындықсыз сатып алуы үшін қажет екенін айтты.