Алматыда сутенер жасөспірімді жезөкшелікпен айналысуға итермелеген
Алматыда сутенер кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға итермелеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жақында Алматы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-алдын алу шаралары барысында клиенттерге интимдік қызмет көрсетілетін пәтерді анықтады.
Пәтерде 2004 жылғы кәмелетке толмаған А. есімді азаматша болған, ол осы пәтерде интимдік қызмет көрсеткен. Белгілі болғандай, оны Алматы облысы, Кербұлақ ауданының тумасы, 1991 жылы туған Б. азаматша жезөкшелікпен айналысуға итермелеген.
Күдіктіні полиция қызметкерлері ұстады. ҚР ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”