Алматыда Sulpak компаниясының жеткізушілері ереуілге шықты
Алматыда электроника мен тұрмыстық техниканы сататын Sulpak компаниясының жеткізушілері өз міндеттерін орындаудан бас тартып, наразылыққа шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желілерде Алматыда Sulpak желісінің 100-ге жуық қызметкері наразылыққа шықты деген ақпарат пайда болды. Олардың жалақы бойынша сыйақыны есептеуге көңілі толмайтындары хабарланды.
Sulpak компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Константин Иванюк ақпаратты ішінара растады. Ол бүгінде жеткізу қызметінің 40-50-ге жуық қызметкері өз міндеттерін орындаудан бас тартқанын айтты.
"Компания бұл қызметкерлермен диалог жүргізіп, бұл жағдайдың шешімін іздеуде", – деді ол.
Компания қызметкерлердің негізгі шағымы ақпан айындағы жалақының қысқаруы екенін, бірақ бұл тапсырыстар санының маусымдық азаюына байланысты екені айтылды. Жағдай дүкендердің жұмысына әсер етпеген.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”