Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда студенттер Work and travel-ге берген ақшасын қайтара алмай жүр

Алматыда бір топ студент Work and travel бағдарламасына берген қаржысын қайтара алмай жүр. Пандемияға байланысты саяхат кейінге қалған. Енді ақшасын қайтарайын десе, жүгінген агенттіктері қомақты соманы бермей әуре-сарсаңға салыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Іс осылайша насырға шабар деген ой Шыңғысхан Насырдың үш ұйықтаса түсіне кірмеген. 3-курс студенті 600 мың теңгесін ойланбай "Коламбас иксчейндж" агенттігіне санап берген. Енді не Америка, не ақшасы жоқ. 

"Карантин кезінде біз көп сұрақ қойдық: "Америкаға бара аламыз ба, бара алмаймыз ба?" деп. "Бара аласыңдар, сеніңдер, мен өзім жауап беремін, барасыңдар, бір ай болсын кеш барасыңдар" деді. Мысалы, мен мамырдың 23-і Америкаға ұшуым керек болатын", - деді студент Шыңғысхан Насыр.

Жиналғандардың айтуынша, алданған студенттердің саны 100-ге жуық. Агенттік жауапкершіліктен құтылу үшін 600 мың теңгенің жүз мыңын ғана қайтармақ болған. Бірақ онымен студенттердің келіскісі жоқ. 

"Агенттіктің менеджері Нұржан Бөкетов деген кісі болды. Өзі аздап дөрекі сөйлеп, бізге мәселені нақтылап түсіндірмеді", - деді Дамира Исат.

"Дөрекі сөйлейді" деген Бөкетов бұл жолы да жылы қабақ танытпады. Тіптен студенттерді танымаймын деп, құтылғанша асық болды. Тек түсін жастардың бірі түстегенде ғана танитынын мойындады.

Кейін агенттік қызметкері камерасыз сөйлесіп, студенттерге жағдайды түсіндіремін деп, тіптен есікті іштен кілттеді. Бірақ сайып келгенде оларға еш нәрсе түсіндірмеген. Сабыры сарқылған олар адвокат жалдап, полиция департаментіне арыз жазды. 

"Аталмыш дерек сот алды реестрде ҚК 190-бабының 1-тармағы бойынша тіркеліп, қазір арнайы тергеу тобы құрылды. Өндіріс аясында міндетті түрде оқиғаның толық мән-жайы және басқа да факторлар анықталады", - деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Полиция департаменті кінәлілер міндетті түрде жазаланатынына сендірді. Ал арыз түскен агенттік инстаграмда басқа студенттерді еш қымсынбастан бағдарламаға қатысуға шақыруын жалғастырып жатыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр