AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жетінші қабаттан құлайын деп қалған баланы құтқарған студент марапатталды

Абай атындағы Педагогикалық университеттің дене шынықтыру факультетінің 18 жастағы студенті Ерасыл Махмұд 7-қабаттан құлай жаздаған баланы аман алып қалған. Ол "Төтенше жағдайдағы Ерлігі үшін" төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Алматыда салтанатты жағдайда Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің атынан марапаттарды Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Руслан Қасыбаев табыс етті. Ұлына лайықты тәрбие берген Ерасылдың ата-анасына ризашылығын білдіріп, Қазақстанда осындай балалар бар болса, аға ұрпақ еліміздің ертеңіне сенімді бола алатынын атап өтті”, – дейді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, баланы құтқаруға атсалысқаны үшін Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Ермекбай Тамабаев та апат кезінде жедел әрекет етті деп Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды. 

21 шілде күні Ерасыл Махмұд 67 жастағы Ермекбай Тамабаевтың көмекке шақыруымен оқиға орнына жеткен. Бала тұрғын үйдің жетінші қабатында түтін шығармайтын өрт сатысының қоршауында тұрып қалған. Бар күшімен темір тордан ұстап тұрған кішкентай бала құлайын деп қалғанда Ерасыл оны ұстап үлгеріп, қорқып қалған анасына тапсырған. Ерасылдың батыл әрекеті мен Ермекбай Тамабаевтың қырағылығының арқасында бала аман қалған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр