Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда сот шешімімен көпқабатты ғимарат сүріледі

Қала құрылысын бақылау басқармасы Достық даңғылы 170/1 мекенжайындағы көпқабатты ғимараттың сүрілетіні туралы мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Gov.kz

Учаскедегі құрылысты меншік иесі сонау 2005 жылы бастаған. Содан бері құрылыс жұмысы бірнеше жылдан бері тоқтап қалған. Кейін учаскенің иесі ауысып, алдын ала жобаны бекітпестен, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламай, жобалаушы-техникалық қадағалаусыз құрылысты жалғастырған.

“Басқарма Медеу аудандық сотына ғимаратты бұзу туралы талап арыз берген, сот оны қанағаттандырды. 2023 жылғы 29 тамыздан кейін Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды. Сонымен қатар басқарма заңсыз сауда павильондарын бұзуға талап арыз түсірді. 2023 жылғы 2 мамырда сауда объектілерін бұзу туралы шешім шығарылды. Бүгінде сот шешімі орындалды, павильондар бұзылды”, – делінген хабарламада.



Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімі Ерболат Досаев заңсыз құрылысты бақылауды күшейтуді тапсырған еді.

Жалпы қала бойынша талап қою қызметінің нәтижелеріне сәйкес, былтырдан бастап 36 заңсыз нысан толығымен және ішінара бұзылды. 

Бұған дейін Маңғыстау облысында бес құрылыс нысаны сүрілген еді.

Талқылау