Алматыда шетелдік жезөкшелер қызмет көрсететін притон табылды

Алматыда полицейлер шетелдік жезөкшелер қызмет көрсететін үйді тауып, жауып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.. 

Моңғолияның екі тұрғыны әкімшілердің қызметін атқарған. Олардың басшылығымен интим-бизнеспен жеңіл жүрісті 10 қыз айналысқан.

"Олардың хабарландырулары боди-массаж ретінде жасырын жүргізілген.  Бұл маңдайша жазылмаған кәдімгі тұрғын үйге ұқсайды, ал ішінде дивандар, сауна, бассейн және басқа да атрибуттары бар бөлек бөлмелер бар. Қатаң карантин күндері  әйелдер өте сақ болды: тек тексерілген клиенттерді кіргізген. Өткен түнде арнайы операция жүргізілді. Жұмыс қызған кезі еді. Барлығы 12 адам ұсталды, олардың үшеуі Моңғолияның тумасы, біреуі Тәжікстан, тағы біреуі Өзбекстаннан, қалғандары еліміздің басқа облыстарынан келген. Айта кетейік, аталған мекеменің қызметкерлері сол жерде, шағын жатақханада тұрады", - деді Алматы полициясы департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, интимдік сипаттағы массаж жасау үшін үй-жай ұсынғаны үшін ғимарат иесі әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 450-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен бірге осы массаж салонының қызметкерлеріне қатысты "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу" бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр