Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда "Шертпе күй" дәстүрлі музыка фестивалі өтеді

23-26 қараша аралығында Алматыда  “Ұлттық Рухани жаңғыру” ұлттық жобасының аясында Республикалық "Шертпе күй" дәстүрлі музыка фестивалі өтеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шараның мақсаты – қатысушылар арасынан дарынды жас өнерпаздарды анықтап, олардың кәсіби шеберлігін арттыру, күй өнері арқылы қазақстандық патриотизм мен ұлттық мәдениетті дамыту.

Дәстүрлі музыка фестиваліне 16-мен 35 жас аралығындағы музыкалық аспапта (домбыра) орындаушылар қатыса алады.

"Домбыра" номинациясында шертпе дәстүріндегі үздік орындаушыларды анықтайтын конкурсқа өтінімдер 2022 жылдың 6 қыркүйек – 18 қараша аралығында [email protected] электронды поштасына қабылданады.

Талқылау