Алматыда "Сергек" камералары тәртіп бұзған такси жүргізушілерін анықтауда қолданылады
Алматыға кіреберісте рұқсат етілмеген жерлерге тоқтаған такси жүргізушілерін бақылау үшін бейнебақылау камералары орнатылады, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы полициясының баспасөз қызметі өкілі әкімшілік полиция басқармасының деректеріне сүйеніп, қалаға кіреберістегі жол апаты себептерінің бірі жол жиегінде тоқтайтын, жолды тарылтатын азаматтар мен такси жүргізушілері екенін айтты.
"Жол шетінде такси қызметін ұсынатын көліктерді тоқтататын азаматтар тек өздерінің ғана емес, жол қолғалысының өзге қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді", - деп түсіндірді полиция департаментіндегілер.
Полицейлер қаладан шығатын көшелерді тұрақты тексергенімен, бұл мәселені шешпейді екен.
"Сергек" камераларын тәжірибе ретінде қаладан шығатын басты көшелерге орнатуды ұсындық: Төле би даңғылы - Момышұлы көшесі, Райымбек даңғылы - Момышұлы көшесі, Райымбек даңғылы - Әшімов көшесі", - деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.
Полицейлер жүргізушілерден және тұрғындардан жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұрады.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
