Алматыда сегіз саусақпен дүниеге келген бүлдіршінге ота жасап, артық саусақтарын алып тастады

Фото: Видеодан скрин
Алматыда бір қолында сегіз саусақпен дүниеге келген 1 жасар бүлдіршінге ерекше ота жасалды. Хирургтер операцияны сәтті аяқтап, баланың артық саусақтарын алып тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
№2 қалалық балалар клиникалық ауруханасында күрделі ота жасалды. Онда халықаралық шеберлік сабағы өтті. Ресейдің алдыңғы қатарлы хирургтарының бірі Алматыға келді. Ол қазақстандық әріптестерімен бірге сегіз күрделі операция жасаған. Соның бірі сәбидің қолын қалпына келтіру болды. Патологияға байланысты бала алақанын ашып, заттарды ала алмаған. Дәрігерлер кішкентай науқастың артық саусақтарын алып тастап, аяқ-қолын қалпына келтірді.
Операция тегін болды. Болашақта бала сурет салып, жазып, қолын ауыртпалықсыз және шектеусіз қимылдата алады.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда дәрігерлер 14 жастағы қыздың асқазанынан бір жарым келі шаш алып шыққанын жазған едік Жасөспірімнің іші ауырып, ауыр халде ауруханаға жеткізілген.
Кәсіпкер Алматы облысы әкімдігі 5 жыл бойы жөндеу жұмысын жасаған ғимаратын тартып алды деп шағымданды
Кәсіпкер: "Ақша, денсаулық пен 5 жыл уақытымды сарп еттім"
"БЖЗҚ тығырыққа тірелді": Неге Қазақстанның зейнеткерлері кедей?
Сарапшы уәде етілген "алтын қарттық" неліктен күнкөріске айналғанын талдап көрді