Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда саябақтардың бірінде ұрыс шығарған әйелдер жазаға тартылды (видео)

Алматы полицейлері Тұңғыш президент саябағында ұрыс шығарған әйелдерді жауапкершілікке тартты. Бұған дейін желі қолданушылары бұл әйелдерге қатысты бірнеше рет шағымданған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

әйелдер

Әлеуметтік желіде Тұңғыш президент паркі жанында әйелдердің қатысуымен болған жанжалдың видеосы жарияланған. Автордың сөзінше, әйелдердің осы ауданға ұрыс шығаруы бірінші рет емес.

"Адамдарға тап беріп, балағаттайды. Қыз жүгері сатып отырған, бұлғар ол қызды қуып жіберді. Өз бәсекелестерін қуып отырады. Кейін қыз тұраққа қарай кетіп еді, тауып алып тағы да тап берді. Араша түскен адамдарға да шабуылдады", – деп жазды желі қолданушысы. 

Көп ұзамай видеоға қатысты Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов пікір білдіріп, әйелдердің ұсталғанын мәлімдеді.

"Біз тексерісті аяқтадық. Нәтижесінде құқық бұзушылар 1968 жылы 18 қарашада туған С. есімді азамат пен 1975 жылы 20 ақпанда туған С. есімді азамат әкімшілік құқықты бұзғаны үшін 434-бапта қарастырылған "Ұсақ бұзақылық" бойынша жауапқа тартылды", – деп жазды Абдрахманов. 

Ол сонымен қатар әйелдердің фотосын да жариялады. 

Талқылау