Алматыда саудагерлер ерекше алып балықтарды сатып келген
Алматыда түрі таныс емес, ірі балықтың сатылымы рейд барысында анықталды. Заңсыз саудамен айналысқандардың қолында тиісті құжаттар болмағандықтан аумақтық инпекция мен алматылық ПД қызметкері бір тоннаға жуық балықты тәркіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.
Қазір балық саудасымен айналысқандарға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, шығын сомасы 6 миллион теңгені құрайды.
Тексерушілер балықты қаладағы солтүстік айналма жолында фургонмен сатып тұрғандарға назар аударғандарын айтады.
"Саудагерлер балықтың қайдан ауланғаны жайлы мәліметтерді көрсете алмады. Бқған қоса, олардың қолдарында мүлдем ешқандай құжат болмады. Айтуларынша, олар балықты басқа біреулерден сату үшін сатып алған", - деді. Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының аға инспекторы Ринат Қумашев.
Инспектор балықтар Сорбұлақ суқоймасынан ауланған болуы мүмкін дейді. Ал мұнда балық аулауға тыйым салынған.
"Бұл жақта балық аулау кең етек алған. Судың құрамында токсиндер мен майлар өте көп, мұндай суқоймада мекендеген балықтар семіз әрі ірі келеді. Ал мұндай балықтарды ас ретінде тұтынуға болмайды, себебі денсаулыққа зиян", - дейді Eco Fund Tabigat қорының төрағасы Тимур Елеусізов.
Сонымен қатар, ол қала әкімдігі Сорбұлақ аумағынан жіті қадағалау керектігін қосты.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
