Алматыда сауда үйінде өрт шықты

Алматыда сауда орталықтарының бірінде өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше Әуезов ауданында орналасқан екі қабатты сауда орталығының бірінің екінші қабатта екі бутиктің жануы орын алған.
"Құтқарушылардың жедел және үйлесімді әрекеттің арқасында көршілес бутиктерге өрттің таралуына жол берілмеді. Өрт сөндіру жалғасуда", – делінген хабарлама.
Бірінші өрт сөндіру бөлімше келгеннен кейін сауда орталығының терезелерінен қара қалың түтін шығып жатқаны анықталды. Өртті сөндіруге ТЖМ жеке құрамынан 57 адам және 15 бірлік техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"