Алматыда санитарлық талаптарды сақтамаған "Мега" ойын-сауық орталығына айыппұл салынды
Карантиндік шектеулерге мойынсынбады деп Алматыдағы "Мега" ойын-сауық орталығына Бостандық ауданының мониторингтік тобы айыппұл салды. Санитарлық нормаларға қайшы келіп сенбі күні ашылған мега орталықтың ісі енді сотқа баруы мүмкін.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Ереже бұзған ойын-сауық орталығының басшылығы демалыс күні ашылуға рұқсат жоқ деген қағаз алған жоқпыз деп ақталды.
Сенбі күні саудасы қызып тұрған "Мега" орталыққа мониторингтік топ кіріп келіп, орталықтың жұмысын дереу тоқтатуды талап етті.
"Өздеріңіз білетіндей санитарлық нормаларды сақтау комиссиясының 19 қазандағы қаулысына сәйкес, сауда орталықтары 24 қазаннан бастап кешкі сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Одан кейін сенбі-жексенбі күндері ашылуға рұқсат жоқ деген қағазды көрген жоқпын.
Мысалы санитарлық нормалардан жұрдай барахолка аптаның барлық күні ашық тұр. Оларды қарап жатқан ешкім жоқ. Билік халықты өздері қауіпті аймаққа итеріп отыр", - деді Мега центр менеджмент компаниясының бас директоры Сейітжан Есмағамбетов.
Барахолкада қаптаған жұрт арақашықтық сақтамау түгілі, саудагерлер санитарлық нормаларды тіпті сақатмайды. Дегенмен Бекшин одан аса қауіп көрмейді.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
