Алматыда самокатшы тротуарда жүргені үшін ескерту жасаған ер адамның көзінен ұрған
Фото: Polisia.kz
Алматыда самокатшы тротуарда жүргені үшін ескерту жасаған ер адамның көзінен ұрып жарақаттаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл оқиға өткен аптада Алмалы ауданының аумағында болған. Іс Қылмыстық кодекстің 107-бабы (орташа ауырлықтағы денсаулыққа зиян келтіру) бойынша тергелуде. Бұл бап бойынша айыптыға 1000 МРП-ге дейін (3 миллион 932 мың теңге) айыппұл салынады. Сол мөлшерде түзету жұмыстары немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.
"Осы дерек бойынша Алмалы ауданы полиция басқармасы дене жарақатын келтіргені үшін қылмыстық іс қозғады. Объективті жағдайларды анықтап, кінәлілерді жауапкершілікке тартуға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция.
Қазір зардап шеккен адамның жағдайы белгісіз. Денсаулық сақтау басқармасынан жауап күтіп отыр.
Айта кетейік, полицияның Алматыда өткізген соңғы самокат рейдінде бір тәулікте 800-ден астам құқық бұзушылық анықталды.
-
Қазақстандықтар самокаттарды жалға беруге тыйым салуды сұрап петиция жариялады
-
Алматыда самокат мінген екі жасөспірім сәби отырған бесік арбаны қағып кетті (видео)
Олардың ішінде:
- 489 жағдай – қозғалыс қатысушыларының талаптарын орындамау;
- 237 – жаяу жүргіншілер мен басқа қатысушылардың ережелерін бұзу;
- 11 – балаларға қауіп төндіретін ата-аналардың қауіпті әрекеті;
- 47 – абаттандыру талаптарын бұзу;
- 23 – қоғамдық орындардың ластануы.
"Сонымен қатар, қозғалысқа кедергі келтіретін дұрыс қойылмаған электросамокаттар туралы фактілер тіркелді. Арнайы тұраққа 259 самокат эвакуацияланды", – деді полиция.
Естеріңізге сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы халыққа жолдауында электросамокаттарға назар аудару қажеттігін атап өтті.

Министр Нұртілеу ұсталды деген сыбыс қазақстандықтарды дүрліктірді: Бұл істің соңы немен бітті, Бажкенованы не күтіп тұр?
