Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда самокат мінген екі қыз 52 жастағы әйелді қағып кеткен

Алматыда әйелді самокат қағып кетіп, ауруханаға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Жәбірленуші әйел видеоүндеу жолдап, Алматыда самокаттардың рұқсат етілмеген жерлерде жүруіне тыйым салынғанын қалайтынын атап өтті. 

Бір апта бұрын 52 жастағы алматылық әйел жұмыстан үйіне қайтып келе жатқанда, оны екі қыз мінген самокат арқасынан қатты жылдамдықпен қағып кеткен. Әйел есінен танып, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, әйелге ұзақ емделу керек және біраз уақыт жұмыс істей алмайды. 

Ал самокаттағы екі қыз әйелден арызын қайтарып алуыды сұрап, емнің ақысын төлеуге дайын екендерін айтқан, алайда әйел олар ұсынған соманың емге жетпейтінін айтады.

Полиция департаменті оқиғаның әлі тексеріліп жатқанын, сот-медициналық сараптама тағайындалғанын мәлімдеді. Егер жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келгені дәленденсе, әйелді қағып кеткен қыздар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Талқылау