Алматыда Ресейдің Украинадағы әрекетін қолдаған Полина Гагаринаның концерті өтпейтін болды
Алматыда Ресей әншісі Полина Гагаринаның концерті өтпейті болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
gazeta.ru
"Обезоружена" атты концерт 2023 жылғы 14 ақпанда Almaty Arena-да өтуі керек еді. Билеттер сатыла бастағанда бұған әлеуметтік желі қолданушылар “шоу болмасын, Гагарина Қазақстанға келмесін” деп қарсы шықты. Оған әртістің Ресейдің Украинаға соғыс ашқанын ашық қолдағаны түрткі болып отыр. Мысалы, Гагарина биылғы наурызда Ресейдің Қырымды аннекциялағанына арналған концертте өнер көрсетті.
Сыннан кейін концерт туралы ақпаратты билет сататын сайттар, кейін әншінің ресми сайты өшірді.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн