Алматыда Рамазан айында мешіттерде жамағатпен тарауық намазы оқылмайды
Алматыда пандемияға баланысты Рамазан айында тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайтын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы онлайн брифинг барысында қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай мәлімдеді.
"Алғашқы тарауық намазы бүгін оқылады. Биыл да қаламыздағы эпидахуалдың күшеюіне байланысты мешіттерде жамағатпен тарауық намазы оқылмайды", - деді қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай.
Имам, әр адам тарауық намазын өз шаңырағында отбасы мүшелерімен оқуына кеңес берді.
Еске салсақ, 2021 жылдың қасиетті Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн - қасиетті Қадір түні. 13 мамыр - Ораза айттың бірінші күні.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ