Бөлім бастығы танысына көмектесуге сөз беріп, Алатау ауданы полиция басқармасындағы бастығына хабарласып, жұмысшыны босататынын айтқан. Алайда Жанна Жақыпбаева бұл көмегі үшін танысынан 200 мың теңге ақы алған. Ол сұраған соманы Жақыпбаеваның банктегі шотына аударды.
Бірақ полковныик жұмысшыға араша түспеген, ал көмегі үшін алған қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Кейін ол тергеушінің кабинетіне шақырылып, тергеуші оның шотына 200 мың теңгенің қайдан түскенін түсіндіруді талап еткен.
Сотта Жақыпбаева лауазымды тұлға бола тұрып алаяқтық жасады деп айыпталды. Бұл қылмыс үшін оған 3-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді. Бірақ судья Залина Махарадзе оның кінәсін мойындап, өз ісіне өкімен өкінгенін ескереіп, Жанна Жақыпбаеваға 2 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді. Сондай-ақ ол полковник атағынан айырылды. Енді ол ешқашан мемлекеттік органдарда жұмыс істей алмайды.
Жанна Жаөыпбаева 2018 жылдан бері полицияда қызмет етіп келді. Серік Күдебаевтың кезінде ол көші-қон қызметі басқармасында бөлім бастығы лауазымына тағайындалып, полковник атағын алған еді.
