Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда полицей қызметтік көлігімен жаяу жүргіншіні қағып өлтірді (видео)

Алматыдағы Жансүгіров көшесінде полиция көлігі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

полицей

Ақпаратты Алматы полиция департаменті растады. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, оқиға 3 тамызда 23:25-те болған.

"Хюндай" қызметтік көлігінің жүргізушісі 1993 жылы туған Т. есімді азамат, патрульдік полиция полкының қызметкері Жансүгіров көшесімен оңтүстік бағытта қозғалып бара жатып Ақпаев көшесімен қиылыста 49 жастағы әйелді қағып кетті. Өкінішке орай әйел оқиға орнында жан тапсырды. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша тіркелді", – делінген полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Қызметтік көлікті тізгіндеген полицей уақытша ұстау изоляторына қамалды, тиісті сараптамалар тағайындалған. 

Талқылау