Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда пышақ ұстаған еркек жанынан өткен адамдарға шабуылдады

Алматыда пышақ ұстаған ер адам өтіп бара жатқан адамдарға шабуылдап, көлікке қызмет көрсету орталығына келген кісіні жарақаттады. Зардап шегуші жедел түрде ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыс бүгін қаланың Әуезов ауданында болды деп хабарлады. Бұзақылық ниетпен алкогольдік мас күйде болған адам көлікке қызмет көрсету орталығына келген кісіні пышақтап тастады. Ол жедел ауруханаға түскен. 



"Күдікті - Жамбыл облысының тұрғыны Ж. ұсталды. Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 3-бөлігі бойынша тіркелді", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 09 Қыркүйек, 2020 20:56
Талқылау