Алматыда өтетін "Қайрат" – "Реал" ойынына 5 мыңға жуық шетелдік жанкүйер келеді
Фото: fckairat.com
Қазақстан туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматыда өтетін "Қайрат" пен мадридтік "Реал" арасындағы ойынға байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Министрдің айтуынша, алдағы кездесу елдегі спорттық туризмнің дамуына серпін бермек.
"Біз бұған дейін де халықаралық деңгейдегі шараларды қабылдап, инфрақұрылымымыздың толық дайын екенін көрсеттік. Енді әлемнің ең атақты клубтарының бірі – "Реал" келеді. УЕФА-ның арнайы квоталары бар. Осыған байланысты Алматыға 4-5 мыңға жуық шетелдік турист келеді деп күтілуде", – деді Мырзабосынов.
Ол сондай-ақ қазақстандық футболдың қазіргі деңгейіне тоқталды.
"Футболымыз қарқын алуда. Стадион УЕФА бағалауымен төртінші категорияға сай, алаң талаптарға сәйкес. Спорт елді біріктіріп, халыққа сенім ұялатады. Егер біз ғылымды дамытып, спортшыларға жағдай жасасақ, академиялар ашсақ, халықтың рухы мен спортшыларымыздың мінезінің арқасында биік жетістіктерге жетеміз", – деді министр.
Еске салайық, Чемпиондар лигасының топтық кезеңдегі күнтізбесі бекітілді. "Қайрат" пен "Реал Мадрид" арасындағы көптен күткен кездесу 30 қыркүйекте Алматыда өтеді.

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
