Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда өрт және жарылыс болды

Алматы қаласында  26 мамырда таңертең Әуезов ауданындағы Мұстай Кәрім көшесінің бойында өрт болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық төтенше жағдайлар бөліміне сілтеме жасап.

"Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері осы өртке жұмылдырылды. Алдын-ала болжам бойынша жиһаз цехы өртеніп жатыр, жарылыс болды, себептері анықталуда. ҚР ІІМ ТЖК авиациясына ескерту жасалып жатыр", - делінген хабарламада.

Кейін төтенше жағдай туралы жедел ақпарат келіп түсті. "26 мамырда сағат 05:12-де төтенше жағдайлар департаментіне Әуезов ауданында түтін пайда болғандығы туралы хабарлама келіп түсті, алғашқы өрт сөндіру топтары жеті минуттан кейін жиһаз шеберханасына келгенде, цехта сақталған кесілген ағаш пен "Foton Aumark" маркалы автокөлік ашық отпен жанып кетті.

Жеке тұрғын үй секторына оңтүстіктен таралу қаупі болды. Өрт сөндіру техникасы мен жеке құрам жоғарылатылды. Жедел штаб жедел әрекет ету қызметінен құрылды, оңтүстік-шығыстан және оңтүстік-батыстан екі ұрыс алаңы орналастырылды, ІІМ ТЖМ ұшақтары ескертілді. Әуезов ауданының полиция бөлімі оқиға орнын жауып тастады.

Жедел шаралар бойынша өрт сағат 6:00-де жалпы алаңы 970 шаршы метрді құраған жерде сөндірілді. Сантехникалық жабдықтарды сататын көрші үй-жайларды қорғауға, тұрғын үйлерге өрттің таралу қаупін жоюға мүмкіндік туды. ІІМ авиациялық штабы өрт сөндіруге қадет болмады. 19 техника, 65 қызметкер және өзара әрекеттесу қызметі орнында жұмыс істейді. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады департамент.

 

Талқылау