Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда оқудан шығарылған балалардың ата-аналары наразылықтарын білдірді

Алматыдағы колледжден шығарылған студенттердің ата-аналары көмек сұрауда. Айтуларынш, Республикалық спорт колледжі заңсыздыққа жол берген көрінеді. Ата-аналар балаларымыз бізге ескертілместен оқудан шеттелді деп қамығыпы отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.  

студент

Алматыдағы Республикалық спорт колледжіндегі шу былтырғы жылдың қараша айынан Оқу орнының бір топ оқушысы билікке әлеуметтік желі арқылы бейнеүндеу жариялапты. Онда жаттықтырушы заңсыз жұмыстан шығарылды деп мәселеге араласуды сұрайды.

Бейнежазба таралғаннан кейін оны жариялаған студенттер оқудан шығарылыпты. Ата-аналарынды сөзіне сүйенсеғ білім ордасы балалардың жаттықтырушысын жұмыстан қуылғандықтан, студенттер сабаққа қатыспай қойыпты. 

"Екінші қараша күні тренерлерін себептен себепсіз заңсыз, жұмыстан шеттетеді. Оларды басқа тренерге береміз деген кезде балалар біз ол тренерде тренироваться етпейміз, себебі 2017 жылы ол тренерлерден біздің балалар таяқ  жеген. Әлім-жеттік көрген балалар. Өзіңнің тренерін қолдағаны үшін оларды оқудан шығарды сонда бұл әділдік па? Қазір менің балам оқусыз, мен өз баламды жәй мектепке бере алмаймын. Себебі ол спортқа дарынды бала", - ата-аналардың бңрң Рано Кененбаева.

Колледж басшылығы өз кезегінде айтылған мәселені өзара шешкілері келіпті. Балаларға сабақтан қалмау туралды ескертілу жасалып, барлық мәселелер қарастырылыпты. 

"Біздің 10 баланың ішінде төрт бала оқуға қайтып, сабақтарын сол қарашадан бастап жалғастыруда. Ал 6 бала өз үзілді кесілді біз сабақтан бас тартамыз деді. Бұл колледжге балалар қайтып келе алмайды. Өйткені олар тәртіп ережелерін бұзып отыр", - Республикалық спорт колледжі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанар Ысқақова.

Бұл іске білім және ғылым министрлігі араласып, арнай комиссия да құрылған Арнайы комиссия директордың шешімі заңды деп қабылдапты. Бұл туралы тәуелсіз заңгерлер де өз пікірлерімен бөлісті.

"Кез келген қызметкер ауырып не басқа себеппен жұмысқа шыға алмайтын болса оның орнына жаңа маман басатыны бәрімізге белгілі. Әрине мектеп директорының ісі заңға сәйкес келеді. Ата-аналардың бапкер жұмыстан қуылды екен деп, балаларын білім ордасынан тыйғаны дұрыс емес. Мейлі қарапайым мектеп болсын мейлі атағы дардай колледж болсын сабақтан қалмауы керек еді", - заңгер  Сергей Уткин.

Ал колледж басшылығы енді бұл істі жергілікті полиция мен ювеналдық инспекторларға тапсыруды жөн көрген. аёАта-аналар болса, республикалық мекемені сотқа беріміз деп отыр.

 

Талқылау