Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда өгей әкесін зорлады деп айыптаған қыздың оқиғасы: Іске қатысты күтпеген мәліметтер шықты

Алматыда өгей әкесінің зорлағанын айтқан 18 жастағы қыздың ісіне қатысты жаңа мәліметтер пайда болды. Күдіктінің туыстары қыздың зорланғанына нақты дәлел жоқ екенін айтты. Олар тергеу әділ өтіп, күдікті тек притон ұстағаны үшін ғана жауапқа тартылса дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Алматыда өгей әкесін зорлады деп айыптаған қыздың оқиғасы: Іске қатысты күтпеген мәліметтер шықты

Бүгін Алматыда Адам құқықтары жөніндегі бюроның кеңсесінде баспасөз мәслихаты өтті. Оның барысында күдіктінің ағасы Батыр Оспанов өз шындығын айтты. Ер адамның сөзінше, інісі притонды әйелімен бірге ұстаған. Сонымен қатар ол інісінің 18 жастағы өгей қызын зорлағанының нақты дәлелі жоқ екенін айтты.

«Інім 2005 жылдан бері бір әйелмен тұра бастады. Әйелдің 3 жасар қызы бар еді. 14 жыл ішінде ортақ некелерінен 4 баласы дүниеге келді. 
Биылғы жылдың мамыр айында інім притон ұйыдастырып, ұстады деп айыпталды. Сонымен қатар ол сәлафизм бағытын ұстанады деп айыпталған. Алайда інім притонды әйелімен бірге ұстады. Оған қоса інім ешқандай дінді ұстанған емес. Ал зорлыққа қатысты оқиға адамның күлкісін келтіреді. Осыған дейін 6 сараптама жасалды. Оның зорлағанының нақты дәлелі жоқ», - дейді Оспанов.

Оспановтың сөзін күдіктінің әйелінің туыстары да растап, оның дінді ұстанатын адамға ұқсамайтынын айтты. Оның мешітке барғанын көрген емеспін, дейді әйелдің туысы Мақсат Турдажиев.

Ерлі-зайыптының туыстары тергеудің әділ өткенін, қоғам тарапынан қысым көрсетілмегенін қалап отыр. Олар күдікті тек притон ұстағаны үшін жауапқа тартылса, дейді. 

Еске сала кетсек, бұған дейін алматылық қыз өгей әкесінің 4 жыл бойы зорлағанын айтқан еді. 

Талқылау