Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда нөмірсіз көлікпен қарсы бағытта жүрген полицей жұмыстан шығарылды

Алматыда жол қозғалысы ережесін бұзып, қарсы тараптың жолымен жүрген полиция қызметкері жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық полиция департаментінің тәртіптік комиссиясының шешімімен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция полкінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Иманқұлов қызметінен босатылды. Сондай ақ оның тікелей басшысы — взвод командирі де қызметінен кетті. Сонымен қатар, бөлімшенің тағы екі басшысына тәртіптік жаза қолданылды.

"Заң барлығына бірдей және қатаң сақталуы тиіс. Кездейсоқ адамдарға біздің қатарымызда орын жоқ: мұндай заңсыз әрекеттерімен олар ерте ме, кеш пе, өздерін көрсетеді. Азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызметке жүрек қалауымен келгендер ішкі істер органдарында қалады", - дейді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков.

Сонымен қатар, полициядағылар жол қозғалысы ережелерін бұзған Иманқұловқа қатысты бес әкімшілік хаттама толтырылғанын атап өтті. Еске салайық, бүгін Алматы мен Алматы облысы шекарасында нөмірсіз көлікпен қарсы бағытта жүрген полиция қызметкерінің видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын.

Талқылау