Алматыда наразылық шеруі өтті

Алматыда бірнеше қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың белсенділері рұқсат етілмеген митинг өткізді. Келгендер жер кодексіндегі жерді шетелдіктерге жалға беру мәселесіне шүйлікті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Митингті ұйымдастырушылар шеру туралы бірнеше күн бұрын ақпарат таратқан. Қала әкімдігінің күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты митинг өткізуден бас тарқанымен, белсенділер шеруге шықты. 

Бір күн бұрын Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаев тәртіп бұзушыларға әкімшілік шаралар қолданылатыны туралы ескерту жасаған

Митинг өткізуге рұқсат етілмегеніне қарамастан, наразылық білдірушілерге тұтқындалған жоқ.  Белгіленген уақытта, 150-ге жуық адам қолдарына плакаттар мен дауыс зорайтқыш алып, Шоқан Уәлиханов ескерткішіне жиналды.

Азаматтық позициясын білдіру үшін 150-ге жуық адам көшеге шықты
Митинг басталғаннан кейін бірден қалалық прокуратураның өкілі наразылық білдірушілерге карантиндік шараларды бұзып жатқаны туралы ескерту жасады. Прокурор кеткеннен кейін наразылық білдірушілер шеруді жалғастырды. 

Полиция наразылық білдірушілердің жолға шықпауын қадағалады
Шеру шамамен бір жарым сағатқа созылды. Барлығына сөз берілді. Алайда, бір сәтте ұйымдастырушылар Алматы әкімдігі орналасқан Республика алаңына дейін шеру ұйымдастыруды ұйғарды.

Наразылық білдірушілер Алматы әкімдігіне баруға шешім қабылдағанда, SOBR жауынгерлері олардың жолын жауып тастады. Колонна Шевченко көшесімен қозғалған бойда жедел әрекет ету бөлімінің қызметкерлері мен қалалық полицияның басқа да сыртқы қызметтері олардың жолын жауып тастады. Шерушілер қоршауды бұзып өтпек болған. Наразылық білдірушілер ұсталмады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр