Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда мопед жүргізушісі полицейді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

полицейді қағып кеткен мопед жүргізушісіФото: Алматы полиция департаменті

Алматыда 20 жастағы мопед жүргізушісі Төле би даңғылында қарсы бағытта қозғалып, полицейдің тоқтау талабына бағынбай, оны қағып өтіп, қашпақ болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, 20 жастағы мопед жүргізушісі Төле би даңғылымен қарсы бағытта жүрген. Оны полицейлер байқап, тоқтатуға әрекеттенген. Алайда тәртіп бұзушы тоқтамай, полицейді қағып өтіп, оқиға орнынан жасырынуға тырысқан.

"Қылмыскер тез арада табылып, ұсталды. Оған қатысты бірнеше бап бойынша іс қозғалды, соның ішінде полицияның заңды талабына бағынбау дерегі де бар. Сот шешімімен ол 10 тәулікке қамалды. Бұл – өрескел оқиға. Мұндай заң бұзушылықтарға қатаң тосқауыл қойылады", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.


Қоғамдық орында темекі тартқан астаналық полицейге ескерту жасаған қоғам белсендісі айыппұл арқалады (видео)


Шымкенттегі аудандық полиция басшысына әріптесін зорлады деген айып тағылды


Еске салайық, бұған дейін Алматыда жүргізуші полицейді көлікпен сүйреп кеткенін жазған едік. Алматы әуежайы маңында түнгі патруль кезінде жол ережесін бұзған жүргізуші полиция талабына бағынбай, қашуға тырысқан. Инспектор көліктің капотына жабысып қалған, жүргізуші оны бірнеше метрге дейін сүйреп кеткен. Сот шешімімен жүргізушіге 30 АЕК (117 960 теңге) айыппұл салынды. Полиция бұл әрекетті жай тәртіп бұзушылық емес, қоғамдық қауіпсіздікке қатер деп бағалады.

STAN.KZ
Сейсенбі, 08 Шілде, 2025 21:45
Талқылау