AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда мопед пен самокат мінген жолаушыларға жаппай айыппұл салына бастады

Алматыда полиция мопед пен самокат мінген жолаушыларға айыппұл сала бастады. Қазір қалада екі аптаның ішінде жүзге жуық тәртіп бұзушыға айыппұл салынып үлгерген. Бұл туралы КТК телеарнасы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме беріп хабарлайды.

Рейд барысында патруль қызметкерлері дулыға кимеген мопед жүргізушілеріне ғана емес, қиылыстарда жаяу жүруге ауыспайтындарға да назар аударады. Тәртіп бұзушылар екі АЕК төлеуі керек, бұл алты мың теңгеден сәл асатын қаражат.

"Олар самокаттан түспей жаяу жүргіншілер өткелін кесіп өтеді. Жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өту үшін самокаттан түсіп, жаяу жүруі керек. Ал мопед тізгіндегендер негізінен дулағасыз жүреді, жаяу жүргіншілер жолағына өтіп кетеін кездер болады. Белгілі бір велосипед жолдары бар. Олар үшін веложолдармен жүруге болады. Ал жол бойында – тек оң жақ бөлігімен жүре алады", – деді Алматы полициясының патрульдік полиция полкінің инспекторы Қанат Жексенов.

Айта кетейік, Алматыда соңғы жарты жылда мопедтер мен электроскутерлердің қатысуымен 77 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Олардың ішінде 81 адам зардап шегіп, біреуі қайтыс болды.

Еске салсақ, 2022 жылдың 10 маусымында электроскутердің қатысуымен Алматыда адам өліміне әкелген бірінші апат тіркелді. Самокат мінген қыз тұрақта тұрған көлік есігіне соғылып, мерт болды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр