Алматыда метро желісі 5 шақырымға ұзартылып, үш жаңа станция салынбақ
Фото: Алматы әкімдігі
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды метрополитен жобаларының іске асырылу барысымен танысты. Жұмыс сапары кезінде "Қалқаман" станциясынан "Барлық" базары ауданына дейін метроның бірінші желісінің үшінші кезегін дамыту, "Қалқаман" станциясының өзінің құрылысын салу жоспарлары туралы айтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңа желінің ұзындығы бес шақырымнан астам және үш станцияны қамтиды, олар Наурызбай ауданы әкімдігінің жанында, Алатау даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында, сондай-ақ "Барлық" базарының жанында. Мұнда қалааралық автовокзал, метро, жеңіл рельсті көлік және автотұрақты біріктіретін ірі көлік торабын құру қарастырылған.
"Қалқаман" станциясының құрылысына ерекше назар аударылды. Оның қызметтерін күн сайын 100 мыңнан астам жолаушы пайдаланады деген болжам бар. Нысанда негізгі жер жұмыстары аяқталды, тоннельдердің біріне ұңғыма жасалды, инженерлік жүйелерді монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Станцияда монолитті жұмыстардың төрттен үші орындалды. Нысан құрамында платформалық учаске, екі вестибюль, үш кіреберіс, техникалық блок және төмендететін қосалқы станция қарастырылған", – делінген хабарламада.
Құрылыстың бас мердігері "BCN Group" нормативтік мерзімдерді қысқарту арқылы жұмысты жоспардан ерте аяқтауды көздеп отыр. Қараша айында бетон жұмыстары толық жүзеге асырылып, инженерлік және әрлеу кезеңі басталады.
Жоба бойынша жалпы ұзындығы 3 шақырымнан асатын екі өткізу тоннелінің құрылысы қарастырылған. Бір тоннель толығымен салынды, мұнда пойыздардың тыныш және жайлы қозғалысын қамтамасыз ететін заманауи технологияны қолдана отырып, рельстерді төсеу басталды. Екінші тоннель құрылысы өткізу кезеңінде, құрылыс келесі жылдың басында аяқталады деп жоспарланған.
"Жаңа станциялар мен көлік тораптарын салу – бұл тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігінің инвестициясы. Біз жұмысты мерзімінде және жоғары сапада аяқтауымыз керек", – деп атап өтті Дархан Сатыбалды.
Алматыда елдегі ең үлкен стадион салынады: Кешен қандай болады
Қазақстанда жеті қалада 7 стадион салынбақ
Еске салайық, бұған дейін Алматы метросы Алатау қаласына дейін ұзартылатынын жазған едік. Алматы метросының үшінші желісін Алатау қаласынан Мизам базары арқылы қазіргі Сайран бекетіне дейін салу жоспарланып отыр. Тапсырыс беруші – Алматы қалалық ұтқырлық басқармасы. Жобаны бастауға қала әкімдігінің 2025 жылы 18 сәуірдегі қаулысы негіз болды. Бірінші бөлім бойынша құжаттаманы әзірлеуге 1,3 миллиард теңге (1 351 054 778), екіншісіне 896 миллион теңге (896 459 961) бөлінді. Екі жоба бойынша да ашық тендер 2025 жылдың 11 маусымы мен 18 маусымы аралығында өтеді. Жұмыс 2026 жылдың 31 мамырына дейін аяқталады.

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
