Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда мерекелік демалыс күндері жүретін қоғамдық көліктің жұмыс кестесі белгілі болды

Алматы әкімдігі жаңа жылдық мереке күндері жүретін автобустардың жүмыс кестесін бекітті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: promokod-na-skidku.ru

Жыл сайын жаңа жылдық мереке күндері Алматы қаласында жолаушылар ағыны айтарлықтай төмендейді. 2022-2023 жылдардағы жаңа жылдық демалыс күндері көлік холдингінің мәліметінше, жолаушылар ағыны күніне 300 мың адамды құрады. Ал жұмыс күндері бұл көрсеткіш 1,5 миллион адамға жетеді.

Алдағы мереке күндері Алматыда қоғамдық көлік келесі кесте бойынша жұмыс істейтін болады:

  • 2023 жылғы 30 және 31 Желтоқсанда және 2024 жылғы 2 қаңтарда – штаттық режимде сағат 23:00-ге дейін, желіде жылжымалы құрамның 80% - ы жүретін болады;
  • 2024 жылғы 1 қаңтарда жолаушылар ағынының айтарлықтай төмендеуі күтілуде, осыған байланысты автобустардың 50% желіге шығарылатын болады.

"Медеуге" дейін жүретін №12 маршрут жылжымалы құрамның 20 бірлігі желіге шыға отырып, демалыс күнінің кестесі бойынша сағат 23:30-ға дейін штаттық режимде жұмыс істейтін болады. №3 түнгі маршруттың жұмысы өзгеріссіз қалады.

Алматы метрополитені демалыс күнінің кестесі бойынша сағат 06:20-дан 00:00-ге дейін жұмыс жасайтын болады, қозғалыс аралығы 12 минутқа дейін.

Талқылау