Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда мереке күндері сауда орталықтары жұмыс істей ме?

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Алматыдағы сауда, ойын-сауық орталығы мен автобустар демалыс күндері 16-19 желтоқсан аралығында жұмыс істейтіндігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сауда, ойын-сауық орталықтары мен автобустар мейрам күндері әдеттегідей жұмыс істейтінін айтты. Бұл Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің 9 қарашадағы 64 қаулысымен реттелген.

Осылайша, сауда орталықтары сағат 22.00-ге дейін жұмыс істейді.

Азық-түлікке жатпайтын және азық-түліктік жабық базарлардың қызметіне сағат 17.00-ге дейін рұқсат етіледі. Бірақ барлық қауіпсіздік шаралары сақталуы керек.

Алматы әкімдігі мереке күндері қоғамдық көліктің жұмысы өзгеріссіз жалғасатынын атап өтті. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Нұр-Сұлтандағы қоғамдық көліктер 16-19 желтоқсан аралығында мереке күндері қалыпты режимде жүреді.

Еске салайық, тәуелсіздік күні ел тұрғындары бірден төрт күн - 16, 17, 18 және 19 желтоқсанда демалады. 20 желтоқсан жұмыс күні деп жарияланды.

STAN.KZ
Сейсенбі, 15 Желтоқсан, 2020 13:56
Талқылау