Алматыда мемлекеттік ғимараттарға шабуыл жасағандар ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Алматыдағы мемлекеттік ғимараттарға шабуыл жасады деген күдікпен бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі.
Ведомство ақпаратынша, 7 ақпанда Алматыда мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарына шабуыл жасады деген күдікпен бір топ адам қолға түсті.
Олардан тінту барысында Калашников автоматы мен 158 патрон, танкіге қарсы қол граната атқышының 1 оғы мен 3 снаряды, 2 граната, шолақ аңшы мылтығы және электрошокер тәркіленді.
Ұсталғандардың бірі бұрын адам өлтіргені, қарақшылық және ұрлық жасағаны үшін сотталған.
Тергеу және жедел іс-шаралар жалғасуда.
Талқылау