Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда мектеп оқушысы өзіне қол салды

Алматыда 2006 жылы туған қыз өз-өзіне қол жұмсады. Әлеуметтік желіде пайда болған ақпаратты қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

асылып қалған

"Оқиға 4 мамырға қараған түні Алматының Медеу ауданында болды", –  деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. 

Полицейлердің мәліметінше, 2006 жылы туған мектеп оқушысы ауласында асылып қалған.

"Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл факт Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 105-бабы бойынша тексерілуде", –  деп қосты полицейлер. 

Ведомствода оқиғаның себебі мен өзге де мән-жайлар анықталып жатқанын атап өтті.

Назархан Уән
Жұма, 06 Мамыр, 2022 11:01
Талқылау