AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда массаж салонының атын жамылып, интимдік қызмет көрсеткен үш притон анықталды

Алматыда жезөкшелер қызмет көрсеткен үш массаж салоны анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

притон

Полиция департаментінің мәліметі бойынша, олар Бостандық және Медеу аудандарында орналасқан. Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатовтың айтуынша, интим-салондар коттедждерде орналасқан және оған келушілер саунаға, спа-орталықтарына бара алады.

"Бұл интим салондардың элиталық, үлкен коттедждерде орналасқандығы назар аудартады, егер клиент қаласа, саунаға барып, SPA-ға да кіре алады. Барлығы үш нысанда “массажист” мәртебесіндегі жезөкшелікпен айналысқан 20 әйел және үш әкімші ұсталды. Салон жұмысшыларының екеуі – Өзбекстан мен Ресей Федерациясының тумалары, тағы біреуі – Қырғызстан Республикасының азаматы. Осы мекемелердің қызметкерлері жеке басын тексеру және жауапкершілікке тарту үшін қалалық Полиция департаментіне жеткізілді. Айтпақшы, жезөкшелік пен жезөкшелік ұйымдастыруға үй-жай берген ғимарат иелеріне де шара қолданылды", – деп хабарлады Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында клиент тартуға мобильді қосымшаны пайдаланған жезөкшелердің ұсталғаны айтылған еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр