AAPL
132.3 $
1.41 %
TSLA
620.83 $
-0.4 %
NDAQ
178.78 $
1.7 %
GOOGL
2436.25 $
1.42 %
FB
332.29 $
0.8 %
FRHC
61.68 $
1.65 %
AAPL
132.3 $
1.41 %
TSLA
620.83 $
-0.4 %
NDAQ
178.78 $
1.7 %
GOOGL
2436.25 $
1.42 %
FB
332.29 $
0.8 %
FRHC
61.68 $
1.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда "Мама, я живая" әлеуметтік кинодрамасының түсірілімдері басталды

Алматыда "Мама, я живая" әлеуметтік кинодрамасының түсірілімдері басталды.        Киножоба - балалары үшін онкологиялық ауру шалдығып, осы жағдайды бастан өткерген аналарға арналған ода, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фильм сценарийіне сәйкес, бас кейіпкері Сәуле өзінің жасөспірім қызы қатерлі ісік ауруына шалдыққан кезде өмірінің қиын кезеңін бастан өткереді.

Фильм барлық кезеңінде эмоционалдық шарықтау шегі мен керемет динамикасымен бар мейірімді және жарқын туынды. Мұнда қайғы мен қасірет көрерменді езбейді. Керісінше, махаббат, таңдау мен өмірдің мәні туралы айтылады.

"Мама, я живая" фильмі - "Шексіз мүмкіндіктер" әлеуметтік трилогиясының үшінші және соңғы бөлімі. Біріншісі "Быть или не быть" драмасы, ол ерекше қажеттіліктері бар жас жігіт туралы туынды. Екіншісі - "Қыз бен теңіз" - ерекше қажеттіліктері бар қыз туралы картина.

Киножобаның режиссері және сценарий авторы Мұхаммед Мамырбековтың айтуынша, трилогия ойластырылған кезде, алғашқыда фильмдердің бірі аналарға арналады деп жоспарланған. "Біз мүмкіндігі шектеулі балалардың аналары тақырыбын ойладық. Шынында да, егер бала қозғалмайтын болса немесе мүмкіндігі шектеулі болса оларға ауыр салмақ түседі. Мұндай аналар өздерінің қиындықтарымен жалғыз қалады".

Сәулені сомдаған Сұлтана Шеңгелбаева үшін мұндай деңгейдегі режиссерлермен жұмыс істеу баға жетпес тәжірибе саналады. "Мен кинода 20 жылдан астам жүрмін, бірақ бұл менің өмірімдегі ең маңызды рөл деп санаймын. Бұл өте қиын эмоционалды рөл, бірақ, ең бастысы, ол маған белгілі бір ішкі сана мен ана жүрегінің осындай трагедияға тап болған кезде қалай соғатынын сездірді".

"Ең бастысы, осы фильмге өз саласының кәсіби мамандары жұмылдырылды. Олардың көпшілігі басқа жобалардан бас тартты. Мен оларға "Мама, я живая" жобасынан тыс қалмағандары үшін шексіз алғыс білдіремі", - деді, сценарист, режиссер және фильмнің бас продюсері Азизжан Заиров.

Киножоба "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" қолдауы және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша дайындалып жатыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр