“Бас жоспарды іске асыру аясында қоғамдық көлікке басымдық берілген біртұтас көпдеңгейлі көлік жүйесін дамыту бағыты таңдалды. Жоба бойынша Абай даңғылынан халықаралық әуежайға дейін метроның жаңа тармақтарын жүргізу, қаланың тығыз қоныстанған төменгі аудандарында LRT салу, метро, LRT, BRT және қалалық маң маршрутарын біріктіретін көлік-қозғалыс тораптарын іске қосу қарастырылған. Бұл қала мен агломерация арасындағы тұрақты байланыс орнатуға мүмкіндік береді”, — деді Бақытжан Базарбек.
- LRT-ның жерүсті желісі Қосшыға дейін салынады
- Желіде LRT пойызының ішкі көрінісі көрсетілген видео жарияланды
Депутаттың Facebook парақшасында жариялаған картаға қарағанда, LRT желісінің бірінші кезегі Төле би мен Абылай хан көшелері арқылы өтіп, қаланың батыс бөлігін және Алматы-2 теміржол вокзалын біріктіруі ықтимал.
