Алматыда ЛГБТ белсендісі жігітті зорлады деген күдікке ілінді
Фото: instagram.com/amir_shanti / видеодан скрин
Алматыда ЛГБТ белсендісі жігітті зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Елисей есімді Алматы тұрғыны әлеуметтік желідегі парақшасында өзін танымал алматылық ЛГБТ белсендісі Әмір Шайкежановтың зорлағанын айтып, видео жариялады.
Жігіттің айтуынша, оқиға 2025 жылдың 24 наурызында болған.
"Таңертеңгі ауысымнан кейін Әмір – “Амировка” деп аталатын ЛГБТ кеңістігінің негізін қалаушы, мені “Амировкадағы” кабинетте зорлады. Біз шегіп алғандықтан, мен есімді білмедім. Не болып жатқанын түсінуге, оған белсенді немесе пассивті түрде келісім беруге қабілетсіз болдым. Мен әрі қарай қалай өмір сүру керектігін білмедім. Адамдардың көзіне қалай қарайтынымды білмедім. Айнадағы өзіие қалай қарайтынымды да білмедім.
Бұл – өте ауыр және қорқынышты, дәл қазір бұл туралы айту да оңай емес. Бірақ мен осындамын, айту үшін және Әмірді зорлау қылмысы бойынша айыптау үшін келдім. Себебі бұл – кешірілмейтін іс. Бұл жай ғана сөйлесіп, кешірім сұрап қоюға болатын нәрсе емес. Мен қорқып тұрмын, бірақ мен сөйлеуге тиіспін. Себебі бұл – үнсіз қалуға болмайтын жайт", – дейді Елисей.
Жігіт өз сөзін растайтын айғақ ретінде бақылау камераларынан алынған жазбаларды да жариялады. Оның айтуынша, сол жазбаларда оқиға сәті анық көрінеді.
Белсенді Әмір Шайкежанов жағдайға қатысты пікір білдіріп, Елисеймен арасындағы қатынас өзара келісім бойынша болғанын айтып, ешқандай зиян келтіруді немесе жігіттің жағдайын пайдалануды көздемегенін мәлімдеді.
"Бірақ мұнда маңызды нәрсе бар: бұл жағдай менің жауапкершілігімді жоққа шығармайды. Ниетім қандай болса да, адамға ауыртпалық әкелген – менің әрекеттерім екенін мойындаймын. Мен өзім келтірген зиянды мойындап, кешірім сұрадым, егер қарсы болмаса, лайықты психотерапевт табуға және оның ақысын төлеуге көмектесуді ұсындым.
Мен Елисейдің ЛГБТ өкілі ретінде полицияға жүгінуі қиын болуы мүмкін екенін түсінемін, бірақ егер ол шешім қабылдаса, мен тергеу ісіне ынтымақтастық танытауға дайынмын", – деді белсенді Шайкежанов Instagram парақшасында.