Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аш отырмыз": Алматыда құтқарушылар ереуілге шықты

Алматы қалалық құтқару қызметінің қызметкерлері ереуілге шықты. Құтқарушылар жалақының екі айға кешігуіне шағымданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кәсіпорын басшылығы ғимаратының алдына ондаған құтқарушы жиналды. Олар 2020 жылдың желтоқсаны мен 2021 жылдың қаңтары үшін жалақы төлеуді талап етті. Құтқарушылардың айтуынша, кешеуілдеу салдарынан көптеген адамдар аштықтан зардап шегіп, несие төлей алмай отыр.

Алматының құтқару қызметі 2021 жылғы 20 қаңтарда қала әкімдігімен авариялық-құтқару жұмыстары бойынша қызмет көрсету туралы шарт жасалғанын, осыған байланысты орындалған жұмыстар үшін төлем факті бойынша жүргізілетінін түсіндірді.

"Әр айдың басынан бастап авариялық-құтқару жұмыстарын орындау кезінде Алматы қаласының құтқару қызметі баға прейскурантына сәйкес барлық растайтын құжаттармен орындалған жұмыстар туралы актілермен жабылатын қызметтер үшін ақы алады, одан кейін кәсіпорынның банк шотына ақша қаражаты аударылады, қорытындысы бойынша қызметкерлерге жалақы төленеді.

Қазіргі уақытта орындалған жұмыстар актісі ресімделді. Жақын арада жалақы қызметкерлердің шоттарына түседі", - деп хабарлады Алматының құтқару қызметі.

Талқылау