Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы құрылыс алаңдарының бірінде адамдарды арматура басып қалды (видео)

Алматыда құрылыс алаңында жұмысшыларды арматура басып қалды. Төтенше жағдай Estet тұрғын үй кешенінде болған. Кей мәліметке сәйкес құрылыс жұмыстарын BAZIS-A компаниясы жүргізіп жатқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жарақат алған үш адам жеткізілді. Олар медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген.

Бостандық ауданының полиция қызметкерлері қауіпсіздік техникасын бұзу фактісі тергеліп жатқанын айтты.

"Зардап шеккен жұмысшыларға сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қаза тапқандар жоқ", –  деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Назархан Уән
Сенбі, 16 Сәуір, 2022 16:04
Талқылау