AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %

Алматыда Құрбан айтта сауда орталықтары мен тамақтану орындары жұмыс істей ме

Алматы әкімдігі мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті  20 шілде Құрбан айт мерекесінде қоғамдық нысандардың қалай жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, бұл күні қалада қоғамдық көлік қалыпты режимде, демалыс күнгі кесте бойынша жұмыс істейтін болады.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті демалыс күні болғанына қарамастан қаладағы барлық бизнес нысандары жұмыс күндеріндегідей, қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысында жазылған режимде жұмыс істейтінін айтады. 

Қоғамдық тамақтану объектілері толымы 50 пайызға дейін жұмыс істейді. Бірақ 30 отыратын орыннан аспайтындай Ashyq жобасына қатыспағандар үшін 07:00-ден 20:00-ге дейін және қатысушылар үшін 02:00-ге дейін істеуіне болады. 

Сауда орталықтары мен сауда үйлері 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Сауда орталықтарындағы тамақтану орындары тек Ashyq арқылы сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін 20% пайыз толымдылықпен істейтін болады. 

Ашық базар жұмысына шектеу жоқ. Жабық азық-түлік емес базарлардың жұмысы 10:00-ден 22:00-ге дейін. Ауданы 2000 шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендер шектеусіз жұмыс істейді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр