Алматыда құқық қорғаушы Вениамин Алаев 43 жасында өмірден озды
Алматыда құқық қорғаушы Вениамин Алаев қайтыс болды. Ол 43 жаста болған. Алаев ерекше қажеттіліктері бар адамдардың мәселесін көтерумен айналысқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Вениамин енді арамызда жоқ, қоштасу уақыты жайлы кейінірек хабарланады. Ол сағат 17.00-де 12-ші қалалық ауруханада қайтыс болды", – делінген марқұмның парақшасында жазылған соңғы жазбада.
Вениамин Алаев 1979 жылы 9 қазанда дүниеге келген. Екінші топ мүгедегі болған. 12 жыл мүгедек азаматтардың құқықтарын қорғаумен айналысқан. Қайрат Иманалиев атындағы мүгедек азаматтардың құқықтарын қорғау комиссиясына жетекшілік еткен.
Құқық қорғаушылардың жаңа буыны коалициясына мүше болған. 2017-2019 жылдары Алматы әкімінің мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сапасын жақсарту мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі болған.
2019 жылдың шілдесінде ол БҰҰ-ға Қазақстандағы мүгедектердің жағдайы туралы баяндама жасады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”