Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда күйеуіне пышақ сұғып өлтірген әйел түрмеге жабылмады

Алматыда қатыгез күйеуінен қорғанбақшы болып, оны пышақпен жарақаттаған әйелдің ісіне қатысты сот үкімі шықты. Отбасыда шыққан жанжалдың арты қайғыға ұласыпты. Жедел жәрдем келіп жеткенше ер азамат жан тапсырған. Күдікті азаматша біраз жылға бас бостандығынан айырыла жаздапты, дегенмен судьяның шығарған үкімі әйелдің қорғаушысын да таңқалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

Ақмола облысының тұрғыны 75 жастағы зейнеткерді зорлағаны үшін жазаланды

Азаматша сот залына келген телекамераларға түсуден қашып, бетін жауып отырыпты. Жарты жыл бұрын отбасылық кикілжіңнің себебінен оның күйеуі көз жұмған еді. Олар ерлі-зайыпты болып 14 жыл бірге тұрған, екі балалары бар. Күдіктінің жұбайы ішімдікке салынып, әйелін ұрып-соғатын көрінеді. Бір күні осындай жағдай кезінде өзін-өзі қорғамақшы болған әйел жарын пышақтап өлтіріпті. 

"Мен қолыма түскен затпен ұрып жібердім. Оны мені босату үшін жасадым. Оқиға ас бөлмесінде орын алғандықтан қолыма түскен пышаққа мән бермеппін. Негізі оған пышақ сұққым келмеді. Жұбайым жарақат алғаннан кейін оған алғашқы дәрігерлік көмек көрсеттім. Жедел жәрдем ұзақ жүріп келді, дәрігерлер келмей жатып күйеуім жүріп кетті", - деді Алматы қаласының тұрғыны. 

Жедел жәрдем келгенше әйел өзінің күйеуін құтқарып қалмақшы болып, тырысып бағыпты. Ол жарақат соншалықты қауіпті болады деп ойламаған. Көп қан жоғалтқан азамат сол мезетте мерт болыпты. Ең алғашқы күдік ер адамның әйені түскен, ол 8-ден 12 жылға дейін абақтыға жабылуы мүмкін еді. Алайда судья оны 1 жылға шартты жазаға кесіпті. 

"Бұл - өте сирек кездесетін сот үкімі. Адвокат ретінде судьяның объективтілігі үшін алғыс білдіремін. Қазір жанұядағы әйелді қорлау мәселесі қатты өршігіп тұр. Аталмыш шешім халықтың соттың әділдігіне деген сенімін арттырады", - деді адвокат Әсел Сұлтанмұратова. 

Қазіргі таңда жыл сайын өзінің күйеуіне қарсы арызданған әйелдерден 70 мыңнан астам шағым келіп түседі екен. Олардың тек бірнеше мыңы әділ жаза арқалайтын көрінеді. Бұрын әйеліне қатыгездік танытқан ер азаматтар тек айыппұл төлейтін болса, қазір оларды абақтыға бірнеше күнге жабатын болыпты. Бірақ жарына күн көрсетпейтін еркектердің барлығын түрмеге қамау мүмкін емес секілді. Себебі оларға орын жетпей қалады. Сол себепті қоғам белсенділері жазаны қатаңдатудың еш негізі жоқ деп отыр. 



 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 12 Ақпан, 2020 07:26
Талқылау