Алматыда күрестен әлем бойынша вице-чемпионның ер адамды соққыға жыққан видеосы тарады (видео)
Алматыда грек-рим күресінен әлем бойынша вице-чемпионы Алмат Кебіспаев ер адамды соққыға жықты деп күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бейнежазбадан скриншот
Сауда орталығында алматылықты күресшінің ұрып-соққаны бейнежазбаға түсіп қалған.
Алматы полиция департаментіне 6 қыркүйекте Бостандық ауданының полиция басқармасына 37 жастағы ер адам 36 жастағы ер адамға дене жарақатын келтіргені келіп түсті. Айтуларынша, балаларының арасындағы түсініспеушілік кикілжіңге себеп болған.
"Бұл факт ӘҚБтК-нің 73-1-бабы, 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бойынша тіркелген. М.-ның дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптамалық зерттеу қорытындысын алғаннан кейін материал Алматы қаласы бойынша СМАС-қа жіберіледі", – деп хабарлады полиция.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада боксшы Бейбіт Шүменов баласымен тұрған ер адамды соққыға жыққан еді.