Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда күн қатты суытады

21 қазан Алматыда соңғы рет жылы болады. Жақында мегаполисте күн күрт суытады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алдағы күндері Қазақстанда күн суытады

Бұл туралы Қазгидрометтің қалалық филиалының кезекші болжаушысы Гүлтансық Медеуова айтты.

Синоптик бүгін Алматыда термометр плюс 24,2 градусқа дейін көтерілгенін айтты. Алайда бұл рекордтық көрсеткіш емес. 1908 жылы 21 қазанда плюс 28,6 градус болған.

Бірақ мегаполистегі жоғарғы ауа темпаратурасы ұзаққа созылмайды.

"Алматыда қазан жылы, өйткені қала Қазақстанның оңтүстік-шығысы жоғары қысымды антициклонның оңтүстік перифериясының әсерінде, ең жылы секторда. Бүгін ең жылы күн болды, бұл ауа-райы ертең түске дейін жалғасады. Содан кейін суық фронт өтеді деп күтілуде. Жұма немесе сенбіде ауа-райы нашарлайды, жаңбыр қарға ауысып, температураның төмендеуі күтіледі", - деп атап өтті маман.

Сондай-ақ, Алматыда қазан айында құрғақ ауа сақталды. 

Ескес салсақ, осыған дейін синоптиктер 2020 жылдың қарашасы мен 2021 жылдың наурызы аралығында Қазақстанға арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Талқылау